Спорт Министрі | Әмір Маймұратов Польшадағы спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогында ширек финалға шықты
БАСҚАЛАРЫ

Әмір Маймұратов Польшадағы спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогында ширек финалға шықты

Краков қаласында (Польша) спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының төртінші кезеңі өтті. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Маймұратов үздік нәтижесімен көзге түсті.

Жылдамдық санаты бойынша сынға түскен спортшымыз іріктеу кезеңінде үшінші орын алып, жарыстың негізгі кезеңіне өтті. Ширек финалға дейін жеткен Әмір Маймұратов бұл кезеңдегі Қазақстан құрамасының ең үздік нәтижесін тіркеді.

Сондай-ақ Ришат Хайбуллин мен Бекнұр Алтынбеков те іріктеуден сәтті өтіп, жарысты келесі айналымда тоқтатты.

Жарыс қорытындысы бойынша индонезиялық Рахарджати Нурсамса чемпион атанды. Оның отандасы Киромал Катибин екінші орын алса, жапониялық Рё Омасо қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button