АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды

Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Полубояринов қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Ол серпе көтеру жаттығуында Азия рекордын жаңартты.
Күміс жүлде өзбекстандық Руслан Рахматжоновқа бұйырды – 345 (155+190) келі. Үшінші орын Бахрейн елінің өкілі Джон Муриллоға тиесілі – 334 (154+180) келі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде кезекті алтын медальға қол жеткізді.