ТЕННИС
Айым Қанағатова Нидерландтағы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық жас теннисші Айым Қанағатова Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Беделді дода Нидерландтың Амстердам қаласында өтті. Турнирге 19 елден келген 64 жас теннисші қатысты. Олардың қатарында Нидерланд, Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия сынды елдердің өкілдері болды.
Айым Қанағатова турнир бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қарсыластарын сенімді жеңіп отырды. Ақтық сында да өз шеберлігін дәлелдеп, алтын жүлдені еншіледі.
Бұл жеңіс – отандық жас теннисшілердің халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетіп келе жатқанының тағы бір дәлелі.