Спорт Министрі | Әйелдер лигасы: трансферлік терезе ашылды
ФУТБОЛ

Әйелдер лигасы: трансферлік терезе ашылды

Қазақстан футбол федерациясы әйелдер арасындағы 2025 жылғы ел чемпионатына қатысушы клубтар үшін жазғы трансферлік кезеңнің басталғанын хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, екінші тіркеу кезеңі 5 шілдеде ашылып, 29 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында командалар жаңа ойыншыларды қосып, құрамын күшейтуге мүмкіндік алады.

Футболшыларды тіркеу процесі ҚФФ ұйымдастыратын әйелдер лигасы аясында жүзеге асады. Жаңа трансферлер туралы ақпараттар KFF League сайтына клубтардың ресми профильдері арқылы жарияланып отырады. Мәліметтер Федерацияның жарыстар дирекциясына қажетті құжаттар түскен сәттен бастап қолжетімді болады.

Айта кетейік, биыл әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына алғаш рет 14 команда қатысып жатыр. Бұл – ел футболының дамуында маңызды кезеңдердің бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button