Спорт Министрі | Қазақ клубтары жаңа еуромаусымды бастайды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақ клубтары жаңа еуромаусымды бастайды

Бүгін қазақстандық клубтар үшін 2024/25 жылғы жаңа еуромаусым ресми түрде басталады. Алғаш болып Еуропа аренасына «Қайрат» шығады. Алматы клубы биыл Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

8 шілде күні «Қайрат» сырт алаңда Словенияның «Олимпия» клубына қарсы ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.

10 шілдеде екі қазақстандық клуб алаңға шығады. Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын «Ақтөбе» Варшавада Польшаның атақты «Легиясымен» кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен 23:55-те басталады.

Осы күні Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ордабасы» Грузияда «Торпедо» Кутаисиге қонаққа барады (21:00), ал «Астана» өз алаңында Молдованың «Зимбру» клубын қабылдайды. Бұл ойын 24 шілдеге белгіленген (19:00).

Басқа жаңалықтар

Back to top button