
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон жарысындағы жорығын үшінші айналымда аяқтады. Ол даниялық Клара Таусонға (әлемнің 22-ракеткасы) қарсы ойында 7:6 (8:6), 6:3 есебімен есе жіберді.
Бұл теннисшілер бұған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де Рыбакина жеңіске жеткен болатын. Алайда бұл жолы Таусон шешуші сәттерде дәлдік танытып, матчты өз пайдасына аяқтай алды.
Матч екі сағаттан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде, Рыбакина өткен жылғы жартылай финал жетістігін қайталай алмай, турнирдегі ұпайынан айырылды.