БОКС
Сағындық Тоғамбай бокстан елордадағы Әлем кубогын қола медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалына өте алмады.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған жерлесіміз жартылай финалда Түркия спортшысы Эмре Яшармен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жек тартысты өтті. Алайда, төрешілер шешімімен түркиялық боксшы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай халықаралық турнирді қола жүлдемен қорытындылады.