Спорт Министрі | Астанадағы шешуші күн: кімдер жартылай финалға өтеді?
БОКСТРЕНДТЕ

Астанадағы шешуші күн: кімдер жартылай финалға өтеді?

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бокстан Әлем кубогының төртінші жарыс күні өтеді. Бүгін Қазақстан құрамасынан 7 боксшы жартылай финалға шығу үшін шаршы алаңға шығады.


Күндізгі сессия – басталуы 14:00

3-жұп | 70 келі | 1/4 финал
Барбара Мария Дос Сантос (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы) – Наталья Богданова (Қазақстан)

5-жұп | 60 келі | 1/4 финал
Серік Теміржанов (Қазақстан) – Шунсук Китамото (Жапония)

11-жұп | 80 келі | 1/4 финал
Нұрбек Оралбай (Қазақстан, әлем чемпионы) – Лакшая Шахар (Үндістан)


Кешкі сессия – басталуы 19:00

2-жұп | 57 келі | 1/4 финал
Алиса Мендоза (АҚШ, Париж Олимпиадасының қатысушысы) – Айдана Забынбекова (Қазақстан)

3-жұп | 55 келі | 1/4 финал
Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Аорон Жуд Бадо (Филиппин)

6-жұп | 75 келі | 1/4 финал
Джошуа Офори (Канада, Гананың тумасы) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан)

8-жұп | +90 келі | 1/4 финал
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Диего Лензи (Италия, Париж Олимпиадасының ширек финалисі)


Бүгінгі кездесулер Қазақстан құрамасы үшін шешуші күндердің бірі болмақ. Жанкүйерлер отандастарымыздың жартылай финалға жолдама алуын тағатсыздана күтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button