Спорт Министрі | Милан-2026: Шорт-трек құрамасының дайындығы жаңа деңгейге көтерілді
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Милан-2026: Шорт-трек құрамасының дайындығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстанның шорт-трек ұлттық құрамасы Миландағы 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындықты қарқынды түрде жалғастыруда. Қазір спортшылар Астанадағы «Алау» мұз айдынында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл — Олимпиадаға даярлықтың үшінші кезеңі.

Айта кетерлігі, бұған дейінгі Олимпиадалар қарсаңында бұл спорт түрінен мұндай жан-жақты және сапалы дайындық жүргізілмеген болатын. Қазіргі жүйелі жұмыстың негізінде басқару мен заңнамалық реформалар, сондай-ақ кадрлық жаңару жатыр.

Ұлттық құраманың негізгі жаңалықтары мен күшейтілген тұстары:

  1. Халықаралық деңгейдегі бапкерлік көмек
    Ұлттық құраманың бас бапкерінің кеңесшісі ретінде Нидерланд маманы Вильма Бумстра қызмет етіп жатыр. Ол бұрын АҚШ және Нидерланд құрамаларымен жұмыс істеп, әлемдік ареналарда жоғары нәтижелерге жеткен тәжірибелі маман.
  2. Медициналық қамтамасыз ету – жоғары деңгейде
    Құрама сапына болгариялық Эмиль Трифонов қосылды. Ол — екі Олимпиадада допингке қарсы халықаралық агенттікте жұмыс істеген, бүгінде араб елдері мен әлемдік футбол жұлдыздарына қалпына келу және фармакологиялық сүйемелдеу бойынша кеңес беретін маман.
  3. Жабдық пен техникалық қолдау күшейтілді
    Сервис-команда қатарына Эмре Эмиль қосылды. Ол Бейжің Олимпиадасында Мажарстан құрамасымен жұмыс істеп, ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионының жеңісіне үлес қосқан маман.

Бұл жетістіктер нені көрсетеді?

Қазір шорт-трек ұлттық құрамасының дайындығы тікелей басқару жүйесі мен жаңа спорт заңнамаларының нәтижесінде жаңа деңгейге шықты. Мамандардың халықаралық тәжірибесі, заманауи медициналық сүйемелдеу мен материалдық-техникалық база — осының барлығы Милан Олимпиадасына бәсекеге қабілетті құрама қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button