Спорт Министрі | Махмұд Сабырхан Әлем кубогының жартылай финалына шығу үшін жұдырықтасады
БОКСТРЕНДТЕ

Махмұд Сабырхан Әлем кубогының жартылай финалына шығу үшін жұдырықтасады

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды.

55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Сабырхан 1/8 финалда оңтүстіккореялық Шин Чжэенмен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.

Ол бірінші раундтан бастап белсенді шабуылға көшіп, қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Қарқынды әрі нақты соққыларымен толық үстемдік көрсеткен отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button