ФУТБОЛ
Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасы матчына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчқа қазылық етуге тағайындалды.
Төрешілер бригадасына Данияр Сахи жетекшілік етеді. Ол 10 шілде күні өтетін «Сабах» (Әзірбайжан) – «Целе» (Словения) матчында бас төреші қызметін атқарады.
Оған көмекші ретінде Сергей Калачев пен Самат Төреғұсызов бекітілді. Сәкен Байымбет төртінші төреші ретінде жұмыс істейді.
Кездесу Бакудегі «Банк Республика Арена» стадионында өтеді. Басталуы – 21:00 (Астана уақытымен).