ФУТБОЛ

КФФ тәртіптік комитеті бірқатар шешімдер қабылдады

2025 жылдың 26 маусымында Қазақстан футбол федерациясының Қадағалау, тәртіптік және этикалық комитетінің кезекті отырысы өтті. Бірнеше клуб пен ойыншыларға қатысты шешімдер жарияланды.

«Ақтөбе» – «Астана» матчы (Премьер-лига, 13-тур)

«Ақтөбе» клубының жанкүйерлері тарапынан бірнеше рет бейәдеп сөздер айтылғаны үшін клубқа 200 АЕК (786 400 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Төлем мерзімі – 26 шілдеге дейін.

«Қайрат» – «Қызылжар» матчы (Премьер-лига, 13-тур)

«Қызылжар» ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбай қауіпті қатаң ойын көрсеткені үшін 2 матчқа дисквалификацияланды. Жаза мерзімі 22 маусымнан басталады.

«Қайсар» – «Ұлытау» матчы (Премьер-лига, 25-тур)

  • «Қайсар» клубының жанкүйерлері қарсылас ойыншы Ж.Молдақараевқа бөтелке лақтырғаны үшін 500 АЕК (1 966 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
  • «Ұлытау» ойыншысы Хосе Карильо Мансилия қарсыласқа гол соғуға нақты мүмкіндік бергенде ереже бұзғаны үшін 1 матчқа шеттетілді. Жаза 23 маусымнан басталады.

«Ақтөбе Ж» – «Қайрат Ж» матчы (Әйелдер лигасы, 10-тур)

Матч басталмай тұрып және матч кезінде «Ақтөбе Ж» жанкүйерлерінің бейәдеп айқайларына байланысты клубқа 80 АЕК (314 560 теңге) айыппұл салынды.

«Қайрат» бас бапкері

  • Бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің дисквалификациясы 2025 жылдың 26 маусымынан бастап ішінара тоқтатылды, оған 6 ай сынақ мерзімі тағайындалды.
  • «Қайрат Жастар» командасының бапкері Жора Арутюнянға қатысты жазаны шартты жазаға ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.

 «Жетысай» клубы

  • Бас бапкер Ерлан Шойтымовтың дисквалификация мерзімін қысқарту туралы өтініші де қабылданбады.

КДЭК шешімдеріне апелляция беру мүмкіндігі бар. Ол ДР-дің 111-бабына сәйкес Апелляциялық комитетке жолданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button