ТЕННИС
Рыбакина Уимблдон алдындағы WTA рейтингінде 11-орында қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстандық теннисшілердің ішінде Елена Рыбакина бұрынғысынша үздік ондықтың жанында тұр.
Жекелей сын рейтингі:
- Елена Рыбакина – 11-орын (өз орнын сақтап қалды)
- Юлия Путинцева – 33-орын (+1 орынға көтерілді)
- Зарина Дияс – 246-орын (+28 орын)
- Жібек Құламбаева – 306-орын (өзгеріссіз)
Үздік үштік өзгеріссіз:
- Арина Соболенко (Беларусь)
- Кори Гауфф (АҚШ)
- Джессика Пегула (АҚШ)
Жұптық сында:
Қазақстанның басты үміті Анна Данилина бір саты жоғарылап, 8-орынға шықты.
Жұптық рейтингтің үздік үштігі:
- Катерина Синякова (Чехия)
- Тейлор Таунсенд (АҚШ)
- Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия)