Спорт Министрі | Жібек Құламбаева үш айда үшінші титулын жеңіп алды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Жібек Құламбаева үш айда үшінші титулын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 306-орын) Сербияның Куршумлия Баня қаласында өткен ITF турнирінде жеке сында чемпион атанды.

Финалда ол жергілікті спортшы Драганья Вуковичпен (WTA 751) кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 1 минутқа созылды.

Бұл Құламбаеваның 2025 жылғы үшінші титулы. Бұған дейін 25 жастағы спортшы сәуірде Мадридте (Испания), мамырда Висбаденде (Германия) өткен жұптық сындағы турнирлерде топ жарған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button