Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен біріккен жекпе-жекке меңзеді
БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен біріккен жекпе-жекке меңзеді

IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуге ниеті барын аңғартты.

32 жастағы қазақстандық боксшы доминикандық қарсыласымен бұған дейінгі спаррингтерін еске алып, рингте нақты кездесу өткізуге дайын екенін білдірді:

«Менің жұдырығым оның бетімен кездескен сәттен бері көп уақыт өтті. Қазір оның жүзі менің жұдырығымды қайтадан көргісі келіп жүргендей», – деп жазды Жәнібек өзінің парақшасында.

Бұл мәлімдеме жанкүйерлер арасында біріккен жекпе-жекке деген қызығушылықты арттырды. Егер келісімге келсе, бұл кездесу орта салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button