ТЕННИС
ATP жаңартылған рейтингі: Бублик бір саты төмендеді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей сын бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бір саты төмен сырғып, 31-орынға жайғасты.
Екінші ракетка Александр Шевченко да позициясын жоғалтты — ол 97-орыннан 98-орынға түсті.
Рейтинг көшбасшылары өзгеріссіз қалды:
- Янник Синнер (Италия)
- Карлос Алькарас (Испания)
- Александр Зверев (Германия)
Уимблдон турнирі қарсаңындағы бұл рейтинг спортшылардың Grand Slam алдындағы қазіргі жай-күйін көрсетеді.