Спорт Министрі | Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын иеленді
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын иеленді

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен дәстүрлі халықаралық турнирде қазақстандық балуандар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды SportM.kz.

Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы жарыста ел намысын қорғаған үш спортшы жүлдегер атанды:

  • 🥇 Нұрқожа Қайпанов (74 кг) — 1-орын
  • 🥇 Ризабек Айтмұхан (97 кг) — 1-орын
  • 🥈 Азамат Дәулетбеков (86 кг) — 2-орын

Финалдық жекпе-жектерде Нұрқожа Қайпанов болгариялық Рамазан Рамазановты, ал Ризабек Айтмұхан Ахмед Магомаевты жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал Азамат Дәулетбеков шешуші белдесуде әзірбайжандық Әли Цокаевқа жол беріп, күміс медальмен шектелді.

Айта кетейік, бұл турнир — әлем күресінің күнтізбесіндегі беделді жарыстардың бірі саналады. Бүгінгі күнмен турнир өз мәресіне жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button