Спорт Министрі | «Жетісу» сырт алаңда жеңіске жетті, «Атырау» мен «Оқжетпес» тең тарқасты
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Жетісу» сырт алаңда жеңіске жетті, «Атырау» мен «Оқжетпес» тең тарқасты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында екі кездесу өтті, деп хабарлайды SportM.kz.

Жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдады. Матчтың 21-минутында алаң иелері сапынан Сергей Кейлер есеп ашты. Алайда екінші таймда Самат Смақовтың шәкірттері ойын тізгінін өз қолына алып, Руслан Боловтың дублімен жеңісті жұлып алды. Ресейлік шабуылшы 49 және 62-минуттарда дәл соққыларымен көзге түсті.

Бұл жеңісінен кейін «Жетісу» 13 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орынға көтерілді.

Ал «Атырау» мен «Оқжетпес» арасындағы кездесу тартысты өткенімен, голсыз аяқталды. Бұл ойын – команда тізгінін қайта қолға алған Виталий Жуковский үшін биылғы маусымдағы алғашқы ресми матч болды. Ол клубқа бір ұпай әкелді.

Қазіргі уақытта «Оқжетпес» 21 ұпаймен алтыншы орында, ал «Атырау» 5 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында қалып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button