Спорт Министрі | Уимблдон-2025: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Уимблдон-2025: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Лондонда өтетін беделді Уимблдон-2025 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды.

Ерлер арасындағы матчтар:

  • 🇰🇿 Александр Бублик (ATP №30) – 🇪🇸 Хауме Муньяр (ATP №54)
  • 🇰🇿 Александр Шевченко (ATP №97) – 🇺🇸 Рейлли Опелка (ATP №72)
  • 🇰🇿 Бейбіт Жұқаев (ATP №251) – 🇮🇹 Флавио Коболли (ATP №24)

Айта кетейік, ерлер арасындағы Уимблдонның қазіргі чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас.

Әйелдер арасындағы матчтар:

  • 🇰🇿 Елена Рыбакина (WTA №11) – 🇦🇲 Элина Аванесян (WTA №49)
  • 🇰🇿 Юлия Путинцева (WTA №34) – 🇺🇸 Аманда Анисимова (WTA №13)

Турнирдің әйелдер арасындағы қазіргі жеңімпазы – чехиялық Барбора Крейчикова.

Жұптық және аралас сында:

Қазақстан атынан Анна Данилина өнер көрсетеді. Оның қарсыластары жуырда белгілі болады.

Маңызды дерек:

  • 🗓 Турнир уақыты: 30 маусым – 13 шілде
  • 💷 Жүлде қоры: 53,5 миллион фунт стерлинг (бұрын-соңды болмаған рекорд)

Басқа жаңалықтар

Back to top button