Спорт Министрі | Арман Кеңесов «Ертіс» сапына оралды
ФУТБОЛ

Арман Кеңесов «Ертіс» сапына оралды

24 жастағы жартылай қорғаушы Арман Кеңесов маусым соңына дейін павлодарлық «Ертіс» клубында ойнайды. Бұл туралы «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Арман — дәл осы «Ертіс» командасының түлегі. Ол биыл жылдың басында «Ақтөбеден» елордалық ұжымға ауысқан болатын, алайда негізгі құрамнан тұрақты орын таба алмады. Енді ол өзі түлеп ұшқан клубтың намысын қорғайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button