ФУТБОЛ
«Жеңіс» қос футболшымен толықты

Елордалық «Жеңіс» клубы жазғы трансферлік терезе аясында құрамын екі жаңа ойыншымен толықтырды. Команда португалиялық жартылай қорғаушы Руй Батальямен және Беларусь шабуылшысы Всеволод Садовскиймен келісімшартқа отырды.
Руй Баталья Португалияның «Дезембро», «Оливейра-ду-Ошпитал», «Алверка», «Кова-да-Пиедади», «Жил Висенте» және «Реал Келуш» сияқты клубтарында өнер көрсеткен. Ал Садовский 2022-2024 жылдары шымкенттік «Ордабасы» командасында ойнаған.