ФУТБОЛ
Бүгін Қазақстан кубогының жартылай финалы басталады

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финал кезеңі бүгін басталады.
Алғашқы ойын сағат 18:00-де Петропавлда өтеді. Онда жергілікті «Қызылжар» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды. Екінші жартылай финал 20:00-де Қостанайда басталып, онда «Тобыл» мен астаналық «Жеңіс» кездеседі.
Екі жұп та екі ойыннан тұратын серия бойынша бақ сынайды. Қарымта матчтар 30 тамызға жоспарланған. Финалдың нақты күні әзірге белгісіз.
Екі матчты да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.