БАСҚАЛАРЫ
Үстел теннисі: Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады

Бұл жарысқа әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған танымал спортшылар қатысады: Томокази Харимото (Жапония, ITTF рейтингінде 4-орын), Сян Пэн (Қытай, 9-орын), Дарко Йоргич (Словения, 10-орын), Бенедикт Дуда (Германия, 11-орын), Ан Джэхён (Оңтүстік Корея, 17-орын), Ох Джунсунг (Оңтүстік Корея, 19-орын).
Қазақстан намысын үш теннисші қорғайды. Олар турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы қарсыластары төмендегідей:
— Дастан Кенжіғұлов – Сюй Хайдун (Қытай),
— Айдос Кенжіғұлов – Джошуа Стейси (Уэльс),
— Санжар Жұбанов – Сендрик Мейсснер (Германия).