ФУТБОЛ

Юрий Вакулко «Ордабасы» сапына қосылды

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 27 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Юрий Вакулкомен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды SportM.kz.

Юрий Вакулко бұған дейін Украина құрамасының жасөспірімдер мен жастар арасындағы командаларында өнер көрсеткен. Клубтық деңгейде ол «Днепр», «Днепр-1», Сербияның «Партизан», Киевтің «Арсенал», Латвияның «Рига» және «Кривбасс» командаларының жейдесін киген.

Жаңа маусымда ол «Ордабасы» клубының орталық алаңдағы ойынын күшейтуге үлес қоспақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button