
Футболдан «Ақтөбе» клубы жаңа трансферді ресми түрде жариялады, деп хабарлайды SportM.kz.
27 жастағы қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев қызыл-ақ команда сапына қосылды.
Ол бұған дейін «Тараз», «Қайрат», Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» және Ресейдің «Сочи» клубтарында ойнаған.