Спорт Министрі | Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жек күні жарияланды
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жек күні жарияланды

Кәсіпқой бокста 15 жеңіс, 1 тең есеп және 13 нокаутпен көзге түскен қазақстандық Садриддин Ахмедов рингке тамыз айында қайта оралады, деп хабарлайды SportM.kz.

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Ахмедов келесі кездесуін 15 тамыз күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инез қаласында өтетін бокс кешінде өткізеді. Жекпе-жек бірінші орта салмақта 10 раундқа жоспарланған. Қарсыласының есімі әзірге жарияланбады.

Айта кетейік, Садриддин соңғы рет рингке сәуір айында шығып, мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) кездескен болатын. Бұл кездесуде тең есеп тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button