ТЕННИСТРЕНДТЕ

Зарина Дияс Испаниядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды SportM.kz.

Әлемдік рейтингте 275-орында тұрған Дияс жарысқа екінші нөмірлі ойыншы ретінде тіркеліп, финалға дейін сенімді өнер көрсетті. Шешуші ойында ол италиялық Дилетта Керубинимен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс — Заринаның екі жылдық үзілістен кейін 2024 жылы спортқа қайта оралған сәттен бері ITF деңгейіндегі үшінші трофейі. Матчтың жалпы ұзақтығы екі сағатқа жуық болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button