КҮРЕС
Еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 7 медаль жеңіп алды

Вьетнамның Вунгтау қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды SportM.kz.
Қазақстан құрамасы құрлықтық додада 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Үндістан иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан қорытындылады.
Жалғыз алтын медальді 70 келі салмақта күрескен Маис Алиев жеңіп алды.
Күміс жүлдеге Мерей Базарбаев (61 келі), Елнар Шілдебай (86 келі) және Нұрдәулет Бекенов (97 келі) қол жеткізді.
Қола медаль иегерлері: Нұрдәулет Сейілбеков (74 келі), Асхаб Хаджиев (79 келі) және Әлімжан Сәлімжан (125 келі).
Аталған жарысқа еркін күрестен 13 елден 80 спортшы қатысты.