Спорт Министрі | Денис Мамонов «Атырау» клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
ФУТБОЛ

Денис Мамонов «Атырау» клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

«Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Денис Мамонов қызметінен кетті. Ол бұл лауазымға биыл мамыр айының соңғы онкүндігінде тағайындалған еді, деп хабарлайды SportM.kz.

Клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбектің мәліметінше, бас жаттықтырушының міндетін уақытша Нұрғазы Хайруллин атқарады.

— Өзара келісім бойынша Денис Мамонов, оның көмекшісі Руслан Жәңгіров және дене даярлығы бойынша бапкер Сергей Клинков қызметінен кетті. Олардың еңбегіне алғыс айтамыз. Бұл команданы басқа мамандар жасақтаған болатын. Жақын күндері жаңа бас жаттықтырушыны таныстырамыз, — деді клуб басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button