ТЕННИС
Қазақстандық Томирис Нұржан Испаниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық жас теннисші Томирис Нұржан Барселонада өтіп жатқан Испания ұлттық чемпионатының (Campeonato de España Iberdrola de Tenis Cadete Femenino 2025) жартылай финалына шықты.
Томирис бұл жарысқа ұйымдастырушылар тарапынан арнайы шақыртумен қатысуда. Турнирге Испанияның үздік 16 жасқа дейінгі теннисшілері жиналған.
Ширек финалда Нұржан жергілікті 2-ракетка саналатын Анна Орландоны 6:1, 4:6, 7:5 есебімен жеңіп, тартысты бәсекеде басым түсті. Жекпе-жек бес сағатқа созылған.
Енді Томирис финалға шығу үшін Паула Пенерамен кездеседі.
— Бәсеке өте ауыр өтті. Жеңіс бапкерім ұсынған стратегия мен командама деген сенімнің арқасы. Жұмабек Жанықұлов пен Next Level командасына алғысым шексіз, — деді жас спортшы.