Спорт Министрі | Қазақстан Премьер-лигасы: 13-тур ойындары басталды
ФУТБОЛ

Қазақстан Премьер-лигасы: 13-тур ойындары басталды

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры басталды. Тур ойындары 21 және 22 маусым күндері өтеді.

21 маусымда бес кездесу өтеді. Сағат 18:00-де «Жеңіс» (Астана) – «Атырау» және «Қайрат» (Алматы) – «Қызылжар» (Петропавл) матчтары басталады. Ал кешкі сағат 20:00-де «Елімай» (Семей) – «Тұран» (Түркістан), «Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған) кездесулері өтсе, 20:30-да «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды.

22 маусымда 20:00-де екі ойын өтеді: «Қайсар» (Қызылорда) – «Ұлытау» (Жезқазған) және турдың орталық кездесуі саналатын «Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы матч.

Басқа жаңалықтар

Back to top button