
Футболдан УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта «Астана» клубы Молдованың «Зимбру» командасын өз алаңында қабылдайды. Бұл туралы клубтар өзара келісімге келіп, УЕФА-ның қолдауымен ойын күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
Осылайша, алғашқы кездесу 24 шілде күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтсе, қарымта матч 31 шілдеде Кишинев қаласында ұйымдастырылады.