ҚР бокс құрамасының жаттығу үдерісі заманауи диагностикамен күшейтілуде

Ұлттық бокс құрамасының жаттығулары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда. Спортшылар арнайы диагностикалық тексеруден өтіп, дайындық бағдарламасын нақтылауға бағытталған ғылыми әдістер қолданылуда.
Жоғарғы аяқ-қол бұлшық еттерінің спорттық көрсеткіштерін бағалау – тиімді соққы техникасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұлшықет пен сіңір кешенінің шабуылдаушы қозғалысқа белсенді қатысуы арнайы секіру сынақтары арқылы анықталады.
Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштерді оңтайландыру спортшының соққы әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, айналмалы қозғалыс мүмкіндіктері – соққы қуатын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырылуда. Аталған компонентті бағалау жаттығу жүйесінде міндетті элементке айналып отыр.
Performance Hub орталығы боксшылардың биомеханикалық, атлетикалық және метаболикалық көрсеткіштерін кешенді түрде бақылайды. Бұл тәсіл жүктемелерді жекелей жоспарлауға және шектеулерді уақтылы анықтауға көмектеседі.
Мамандар атап өткендей, жеңіс кездейсоқ емес – жүйелі диагностика мен нақты бағытталған дайындық қана жоғары нәтиже береді.