Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының жаңартылған рейтингінде бірінші орында тұр
БОКСКӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының жаңартылған рейтингінде бірінші орында тұр

The Ring журналы салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Орта салмақта алғашқы орында қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды.

Қазіргі таңда Әлімханұлының кәсіби рингтегі көрсеткіші – 17 жеңіс (12 нокаут), бірде-бір жеңіліссіз. Оның ізін ала рейтингте WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) және Ұлыбритания өкілі Хамза Шираз (21-0-1, 17 KO) тұр. Ал WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) төртінші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button