Спорт Министрі | ҚПЛ 12-турында
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ 12-турында «Астана» «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді

Матч барысында көкшетаулық клуб алғашқы минуттардан-ақ шабуылға шығып, 7-минутта Йованович пен 26-минутта Цуцкичтің голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Алайда алаң иелері қысқа уақыт ішінде камбэк жасап, ойын тағдырын өз пайдасына шешті.

«Астана» сапынан Камара (29-минут), Грипши (33), Томасов (37, пенальти), Эбонг (57) және Басманов (86) мергендік танытып, есепті 5:2-ге жеткізді. Бұл – маусымдағы ең көп гол соғылған матч болды.

Сол турдағы басқа екі кездесу тең аяқталды. «Ордабасы» мен «Елімай» арасындағы ойын 1:1 есебімен тәмамдалды. Семейлік командадан Ролон (39) есеп ашса, шымкенттік клуб сапынан Халматов (85) таразы басын теңестірді.

Қызылордада өткен матчта «Қайсар» мен «Тобыл» да 1:1 есебінде тарқасты. Алғашқы голды Вукчевич (18) соқса, жауапты допты Жалмұқан (38) енгізді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button