Спорт Министрі | Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы анықталды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы анықталды

Футзалдан ел чемпионатының финалында биыл да «Қайрат» пен «Семей» клубтары жолығады. Бұл — қатарынан екінші жыл осы екі команданың чемпиондыққа таласуы.

Финалдық плей-офф сериясы мынадай кесте бойынша өтеді:

  •  23-24 маусым — алғашқы екі ойын Семейде
  •  28 маусым — үшінші ойын Алматыда
  •  29 маусым — қажет болған жағдайда төртінші ойын Алматыда
  •  5 шілде — шешуші бесінші ойын Семейде

Жеңімпаз үш жеңіске дейін анықталады. Айта кетейік, бұған дейін 20 мәрте чемпион атанған «Қайрат» биыл тағы да бас жүлдені қайтаруға ниетті, ал «Семей» былтырғы тарихи жеңісті қайталауды көздеп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button