БАСҚАЛАРЫ
Волейболдан Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін алаңға шығады

Вьетнам астанасы Ханойда волейболдан әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалында Қазақстан құрамасы алаң иелерімен кездесті, деп хабарлайды SportM.kz.
Өткен жылы осы турнирдің финалында Вьетнам командасы Қазақстанды жеңіп, чемпион атанған болатын.
Биылғы жартылай финалдың алғашқы партиясында вьетнамдықтар 25:15 есебімен басым түсті. Екінші сетте Ришат Гилязутдинов шәкірттері таразы басын теңестіріп, 25:17 есебімен жеңіске жетті. Алайда кейінгі партияларда Вьетнам 25:7 және 25:16 нәтижелерімен матчты өз пайдасына аяқтады – 3:1.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің қола жүлдесі үшін өтетін кездесуге жолдама алды.