ТЕННИС
Елена Рыбакина Лондон турнирінің жартылай финалынан шет қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды SportM.kz.
Ширек финалда ол әлемдік рейтингіде 86-орында тұрған германиялық Татьяна Мариямен кортқа шықты. Бұған дейінгі жалғыз кездесуде Рыбакина жеңіске жеткен болатын.
Бұл жолы алғашқы сетте Мария 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші партияда тағдыр тай-брейкке жетіп, онда да германиялық теннисші 7:6 (7:4) есебімен жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Елена Рыбакина жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.