
Бүгін, 14 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады.
Күннің алғашқы матчтары сағат 18:00-де өтеді:
-
«Атырау» – «Ұлытау»
-
«Жетісу» – «Қайрат»
-
«Қызылжар» – «Ақтөбе»
Ал сағат 20:00-де:
-
«Тұран» – «Жеңіс» кездесуі өтеді.
Турдың қалған ойындары 15 маусымға жоспарланған.
18:00-де:
-
«Астана» – «Оқжетпес»
20:00-де қатарынан екі матч: -
«Ордабасы» – «Елімай»
-
«Қайсар» – «Тобыл»
Қазіргі турнир кестесінде көш басында 27 ұпаймен «Астана» тұр. Одан кейін «Қайрат» (26 ұпай) және «Ақтөбе» (25 ұпай) орналасқан.