Спорт Министрі | Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Диана Шнайдермен бірге Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шықты.

Ширек финалда Данилина/Шнайдер дуэті австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик жұбымен кездесіп, екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді олар жартылай финалда австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуай жұбына қарсы ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button