Спорт Министрі | Рыбакина мен Путинцева Лондон турнирін жеңіспен бастады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина мен Путинцева Лондон турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Лондонда (Англия) өтіп жатқан жұптық турнирдің 1/8 финалында қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды SportM.kz.

Қос қазақстандық теннисші Испания өкілі Кристина Букша мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға қарсы үш сетке созылған матчта жеңіске жетті – 6:3, 5:7, 10:6.

Енді ширек финалда олар америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схюрспен кортқа шығады.

Айта кетейік, жекелей сында WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина ертең жарысты бастайды. Оның қарсыласы – британдық теннисші Хитер Уотсон (164-орын). Бұған дейін дәл осы спортшы Юлия Путинцеваны екі сетте (6:4, 6:3) жеңіп кеткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button