Спорт Министрі | Зарина Дияс Португалиядағы турнирде жапониялық теннисшіні жеңді
ТЕННИС

Зарина Дияс Португалиядағы турнирде жапониялық теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Португалияның Гимарайнш қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.

Дүниежүзілік рейтингте 280-орында тұрған Дияс алғашқы кезеңде жапониялық Акико Омаэмен кездесті. 1 сағат 35 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұл турнирде Зарина 5-ракетка ретінде тіркелген. Оның келесі қарсыласы кейін белгілі болады.

Қазіргі уақытта ол WTA Live рейтингінде 277-орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button