
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үш бірдей медаль иеленді, деп хабарлайды SportM.kz.
Финалдық жарыстарда қазақстандық спортшылар ат снаряғы мен қоссырық жаттығуларында сәтті өнер көрсетті.
Ат снаряғы бойынша Роман Хегай 13.800 ұпай жинап, жүлдегер атанса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпаймен оның ізін басты. Үшінші орын жапониялық Харутоши Очаиға бұйырды (12.666 ұпай).
Қоссырық жаттығуларында Нұртан Ыдырысов жоғары нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын иеленді.