Спорт Министрі | Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің финалында жеңілді
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің финалында жеңілді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жетіп, шешуші матчта есе жіберді, деп хабарлайды SportM.kz.

Әлемнің 17-ракеткасы Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге финалда жарыстың 2-нөмірлі дуэті — италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы өнер көрсетті.

Кездесу үш сетке созылды. Бірінші партияда италиялықтар 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте Данилина – Крунич жұбы 6:2 нәтижесімен қарымта қайырды. Алайда шешуші үшінші сетте Эррани – Паолини дуэті 6:1 есебімен басым түсіп, чемпион атанды.

Тартысты матч 2 сағат 15 минутқа созылды. Қазақстандық-сербиялық жұп 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Ал италиялықтар 4 брейк жасап, 13 мүмкіндік туғызды.

Анна Данилина үшін бұл финал – «Үлкен дулыға» турниріндегі ең ірі жетістіктерінің бірі болып қалмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button