Спорт Министрі | Нариман Құрбанов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Нариман Құрбанов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ат снаряды бойынша өткен финалдық сында Құрбанов 14.933 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды.

Оңтүстік Корея өкілі Ван Хур 14.633 ұпаймен екінші орынға ие болса, қазақстандық Ілияс Азизов 13.933 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Нариман Құрбанов — 1997 жылғы спортшы. Ол 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ 2023 және 2024 жылдары Азия чемпионы, ал 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленген тәжірибелі гимнаст.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы кезекті жетістігі ретінде тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button