БОКС
Қазақстандық боксшылар Нидерландтағы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері 6–9 маусым аралығында Нидерландтың Эйндховен қаласында өтетін Eindhoven Cup халықаралық турнирінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды SportM.kz.
Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасынан 10 боксшы қатысады:
▪️ Даниял Сәбит (50 келі)
▪️ Махмұд Сабырхан (55 келі)
▪️ Ерхан Тұрдан (60 келі)
▪️ Ертуған Зейнуллин (65 келі)
▪️ Абылайхан Жүсіпов (70 келі)
▪️ Сабыржан Аққалықов (75 келі)
▪️ Ерасыл Жақпеков (80 келі)
▪️ Дәулет Тілемісов (85 келі)
▪️ Сағындық Тоғамбай (90 келі)
▪️ Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары)
Турнирге әлемнің әр түкпірінен мықты спортшылар қатысады деп күтілуде. Бұл жарыс Париж Олимпиадасы алдындағы маңызды дайындық кезеңі саналады.