ТЕННИС
Ролан Гаррос: Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасына жол берді

Қазақстанның бірінші, әлемдік рейтингте 62-орында тұрған теннисшісі Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды SportM.kz.
Ол осы кезеңде әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездесіп, үш сетте жеңіліс тапты – 1:6, 5:7, 0:6.
Бұған дейін қос теннисші төрт рет кездескен, оның үшеуінде Синнер жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да италиялық спортшы ойын тізгінін уысында ұстады.
Бәсеке бір сағат 50 минутқа созылды. Бублик 5 эйс жасап, екі брейк-пойнт мүмкіндігін мүлт жіберсе, Синнер 5 эйс пен 6 брейк жасап, 14 брейк-пойнттың көбін тиімді пайдаланды.