ТЕННИС
Шевченко Чехиядағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Чехияның Простеёв қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде 1/8 финалға жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 103-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда жергілікті спортшы, небәрі 18 жастағы Петрос Брунцликсті жеңді. Чехиялық теннисші қазіргі таңда 531-сатыда тұр.
Бірінші партияда Шевченко тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте 6:2 нәтижесімен басымдық танытты.
Сағат жарымға созылған кездесуде Александр 8 эйс орындап, 5 брейк-пойнттың екеуін сәтті жүзеге асырды. Қарсыласы 3 эйс жасап, 1 брейкпен ғана шектелді.
Ширек финалға шығу үшін Шевченко енді әлемнің 198-ракеткасы, испаниялық Алехандро Моро Каньяспен кездеседі.