Спорт Министрі | Қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады
КҮРЕС

Қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады.

Ұйым жариялаған тізімге Қазақстаннан екі төреші енді. Алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков жүргізетін болады.

Әлем чемпионаты 13–21 қыркүйек аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button