Спорт Министрі | Қазақстан тарихында алғаш рет екі каратэші әлемнің үздігі атанды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан тарихында алғаш рет екі каратэші әлемнің үздігі атанды

Марокконың Рабат қаласында өткен каратэден Премьер-лига санатындағы жылдың қорытынды турнирінде Қазақстан спортшылары тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды SportM.kz.

Биылғы маусым бойына өткен төрт ірі халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша:

  • Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)

  • Әсел Қанай (-61 кг)

өз салмақ дәрежелерінде ең көп ұпай жинап, Grand Winner атағына ие болды.

Бұл марапат жыл бойы ең тұрақты әрі табысты өнер көрсеткен каратэшілерге ғана беріледі. Қазақстан тарихында алғаш рет бірден екі спортшымыз осы атақты қатар иеленіп отыр. Бұған дейін ұлттық құрамада мұндай нәтиже тіркелмеген.

Бұл жетістік — Қазақстан каратэ мектебінің әлемдік деңгейдегі дамуының айқын дәлелі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button